Placeholder
Фото: Вячеслав Прокофьев / Sputnik / Reuters
Әлем28 наурыз 2024, 11:00

Лукашенко: Лаңкестер "Крокус Сити Холлдан" Беларусь шекарасына бара жатқан

Лукашенконың мәлімдеуінше, лаңкестер "Крокус Сити Холлдан" Беларусь шекарасына бара жатқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Беларусь президентінің айтуынша, лаңкестердің «кураторлары» Беларуське кіру мүмкін емес екенін түсінген. «Сондықтан олар қайта бұрылып, Украина-Ресей шекарасы аумағына кетті», - деді Александр Лукашенко.

Оның айтуынша, Ресей ФСБ басшысы Александр Бортников пен Беларусь КГБ басшысы Иван Тертель Лукашенко мен Путинге лаңкестер мінген көлік Брянскке қарай жүріп бара жатқанын хабарлағанда, келісім болған. Беларусь оларың қозғалыс бағытын, ал ресейлік тарап өз учаскесін жауып тастайды.

«Біз Путинмен бір тәулік ұйықтамадық», өйткені «тұрақты қарым-қатынаста болдық», - деді Лукашенко.

Лукашенко лаңкестер Беларусь шекара

Тақырыпқа жаңалықтар