Placeholder
Фото: Philippe Stirnweiss/European Union 2024
Әлем25 сәуір 2024, 12:00

Ресей активтерін тәркілеуді талап ететін Еуропарламент депутаттарының саны артып келеді

Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен кірістің өзі Украинаға көмектесу үшін де, Еуропарламенттің пікірінше, әділеттілікті қалпына келтіру үшін де жеткіліксіз.Қазір көптеген депутаттар 300 миллиард еуроны тәркілеуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сәуірдің 23-і күні өткен пікірталас барысында осы сөз болды. Біріншіден, ЕО-ның Сыртқы істер жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель тоқтатылған активтерден түсетін пайданы бөлу схемасын еске түсірді: бұл соманың 90 пайызы - жылына шамамен 3 миллиард еуро туралы айтып отырмыз - Украинаны қаруландыруға жұмсалады.

Қалған 10 пайызы қорғаныс өнеркәсібін қалпына келтіру және қолдау үшін Украинаға беріледі. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз деп көптеген депутаттар қарсылық білдірді.

Олар Украинаны қолдау үшін ресейлік активтерінің бүкіл сомасын тәркілеуді жақтап әртүрлі дәлелдер келтірді - шамамен әлем бойынша 300 миллиард еуро, оның 220 миллиардқа жуығы Еуропалық Одақта.

«Мұндай тәркілеуге мемлекет активтеріне қолданылатын құқықтық иммунитеттің халықаралық қағидасы тыйым салады деген қауіп мүлдем қате», - деді Ресей бойынша арнайы баяндамашы Андрюс Кубилюс.

Андрюс Кубилюстың дәлелдері бойынша: Ресей активтерін тәркілеу Мәскеу халықаралық құқықты қайта сақтай бастағанша, мемлекеттік иммунитет туралы ережелерді елемеу және тыйым салынған активтерді тәркілеуге уақытша мүмкіндік береді.

Кубилиус Америка Құрама Штаттарының Кувейтке келтірілген шығынды өтеу үшін 1981 жылы Иран мен 1992 жылы Ирактағы мемлекеттік қорларға қарсы ұқсас механизмдерді қолданғанын еске салды.

Оның үстіне жақын арада Конгресс мақұлдаған соң АҚШ осы механизмді пайдаланып, өз аумағында бұғатталған ресейлік 20 миллиард долларлық активтерді тәркілейді.

Латвиялық парламентарий Иварс Ийябстың айтуынша, Ресей Федерациясының тыйым салынған 300 миллиард активтері тәркіленіп, халықаралық өтемақы мен шығын қорына орналастырылса да, бұл әлі де жеткіліксіз.

«Осындай сома ресейлік олигархтардың есеп-қисаптарында бар. Ашықауыз болмайық, олар олар Кремль мен жалған ақпараттың агенттері. Ол адамдар Путинге жақын.  Барлығының активтерін бұғаттауымыз керек», - деді Иварс Ийябс.

Еуропарламент депутаттары Ресей активтері бұғаттау

Тақырыпқа жаңалықтар