Placeholder
T.ME/MARIUPOLNOW
Әлем29 наурыз 2024, 10:27

Ресей түнде Львов, Ивано-Франковск, Полтава және Днепр облыстарына шабуыл жасады

Ресей әскері түнде Украинаның Львов, Ивано-Франковск, Полтава және Днепр облыстарына шабуыл жасады. Ресей армиясы баллистикалық зымырандар мен "шахед" дрондарын ұшырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Зымырандар шабуылынан кейін Днепрде электр қуаты үзілді, деп хабарлады украиндық телеграм арналары.

«Укрэнерго» компаниясы электр қуатының апатты түрде үзілгенін растады.

Сондай-ақ Кременчугте "шахедтардың" жарылыстары болғаны туралы ақпарат тараған.

"Львів Інфо" telegram-арнасы Стрый қаласының маңында болған қуатты жарылыстар туралы жазды.

Әзірге Каменское қаласының ауданында рейд нәтижесінде бір адамның жарақат алғаны белгілі, оның жағдайы ауыр, деп хабарлады Днепропетровск облыстық әкімшілігінің басшысы Сергей Лысак.

Львов, Ивано-Франковск, Полтава, Днепр Ресей армиясы Шабуыл шахед дрондары

Тақырыпқа жаңалықтар