Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Әлем27 наурыз 2024, 8:33

Шварценеггердің жүрегіне тағы да ота жасалды

«Терминатор» фильміндегі рөлі арқылы көпшілікке жақсы таныс болған 76 жастағы америкалық актер және бодибилдер Арнольд Шварценеггердің жүрегіне кезекті ота жасалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы актер Men’s Health басылымына берген сұхбатында айтты.

Шварценеггер кардиостимулятор орнатылғанын айтты. Актер «Терминатор» фильміндегі рөліне ұқсап, ақырындап роботқа айналып бара жатқанын әзілмен тұспалдаған.

– Австрияда ер адамдар денсаулығына қатысты мәселелерді айтуды аса бір әдетке айналдырмаған, – дейді ол.

Актердің бұған дейінгі оталарының әсері жүрек соғысының бұзылуына себеп болған. Сондықтан кардиостимулятордың қажеттілігі туындады.

Шварценеггер, сонымен қатар, операцияға байланысты ауыр жаттығуларды тоқтатқан. Соған қарамастан ол бір айдан кейін жаттығуға қайта оралуды жоспарлап отырғанын айтты.

А

Шварценеггер Ота Операция жүрек

Тақырыпқа жаңалықтар