Placeholder
Фото: Shakh Aivazov/AP/dpa/picture alliance
Әлем16 сәуір 2024, 14:13

Тбилисиде «шетел агенттері» туралы заңға қарсы шеруге шыққан 14 адам ұсталды

Тбилисиде «шетел агенттері» туралы заңға қарсы шеруге шыққан 14 адам ұсталды. Бұл туралы Грузияның Ішкі істер министрлігі жариялады.Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталғандар «жиналу және сөз бостандығы құқығын жүзеге асырудың заңнамалық негіздерін» сақтамаған, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, «қорлаған», - деп хабарлайды Arbat.media.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық білдірушілер парламент маңында шеру жасамақ болған, бірақ полиция оларға кедергі келтірген.

Шерушілер парламент ғимаратының айналасындағы қоршауды бұзып өтуге де тырысып, полициямен қақтығысқан.

Наразылық акциясы өткен Руставели даңғылында арнайы жасақ болған.

Наразылықтарға қарамастан, заң комитеті «шетел агенттері туралы» заң жобасын бүгін бірінші оқылымда қаралады;

Тбилиси шетел агенттері Заң Наразылық

Тақырыпқа жаңалықтар