Placeholder
Фото: picture-alliance/dpa/Bildfunk/epa/J. L. Scalzo
Әлем29 наурыз 2024, 11:04

Зеленский АҚШ Конгресін Украинаға көмек көрсетуді мақұлдауға шақырды

Зеленский АҚШ Конгресін Украинаға көмек көрсетуді мақұлдауға шақырды. Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Конгресіндегі Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсонмен телефон арқылы сөйлесіп, америкалық саясаткерді Украинаға америкалық әскери көмектің жаңа пакетін тез арада бекітуге шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Зеленский спикерге «ұрыс даласындағы жағдай, әсіресе ресейлік әуе террорының күрт артуы туралы» хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Сенаты Украина, Израиль және Тайваньға шамамен 89 миллиард еуро көлемінде көмек көрсету пакетін мақұлдады.

Дегенмен, бұл пакет АҚШ-тың Мексикамен шекарасында шекаралық бақылауды күшейтуді талап ететін көпшілігі республикашылдарға тиесілі Өкілдер палатасында дауыс беруден өте алмайды.

Ресей әскерлері Украинаға жаңа жаппай шабуылды мамырдың немесе маусымның аяғында бастауы мүмкін, деді Владимир Зеленский сол күні америкалық CBS News телеарнасына берген сұхбатында.

Бұл қауіпке қарсы тұру үшін ол «бізге қазір көмек керек» деді.

Зеленский АҚШ Конгрес Украинаға көмек

Тақырыпқа жаңалықтар