Placeholder
Фото: Sports.kz
Спорт20 ақпан 2024, 9:16

Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған бокстан VI халықаралық турнир өтеді

Алматыда алдағы 20-24 ақпан аралығында бокстан Олимпиада чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимовтың жүлдесіне арналған қыздар (жасөспірімдер мен жастар) арасында бокстан VI халықаралық турнир өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Аталған турнир Алатау бөктеріндегі «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығында өтпек.

Жарыстың ашылу салтанаты 20 ақпан күні сағат 14.00-де болады.

Турнирге 2006-2007 және 2008-2009 жылы Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанның әр өңірінен 200-ден аса бүлдіршін қыздар өзара мықтыны анықтайтын болады. Жасөспірімдер 13, жастар 12 салмақ дәрежесінде сынға түспек.

Халықаралық турнирдің негізгі мақсаты - түрлі елдердің бокс мектептерінің өкілдері арасында достық байланыс пен тәжірибе алмасуды нығайту; қатысушыларға өз шеберлік деңгейін, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік беру (өз салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздарға Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атағы беріледі).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі финалдық матчтардан кейін бірден 24 ақпанда өтеді, деп жоспарлануда.

Жарысты Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар орталығы, Алматы облысының әуесқой және кәсіпқой бокс федерациясы, «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы ұйымдастырып өткізеді.

Ермахан Ибраимов туринир Алматы

Тақырыпқа жаңалықтар