Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары22 сәуір 2024, 9:12

Әйелін жол үстінде босандырып алды

Павлодарда ер адам зайыбын жол үстінде босандырып алды. 103 операторының диспетчері телефон арқылы ақыл-кеңес беріп тұрған. 35 жасар ана аман-есен босанып, кейін облыстық перинаталды орталыққа жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы өңірлік жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Kazinform агенттігі.

«21 сәуір күні таңғы сағат 6-лар шамасында 103 операторына ер адам хабарласқан. Ол Береговое ауылынан көлікпен шығып әйелін перзентханаға апара жатқанын, алайда жолда жұбайының суы кетіп, толғағы басталып кеткенін жеткізген. Дичпетчер сол мезетте оған жедел жәрдем бригадасын аттандырып, өзі ер адамға қалай босандырудың әдіс-амалын телефон арқылы түсіндірген. Жедел жәрдем қызметі соңғы жылдары нәтижелі қолданып жүрген «қоңырауды ұстап тұру» әдісінің арқасында күйеуі әйелін жол үстінде аман-есен босандырып алды. Салмағы 3,5 килограмм, бойы 52 см нәресте дүниеге келді» деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Медициналық бригада әйелді облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.

Өңірлік жедел жәрдем стансасы басшысының орынбасары Ольга Вербовая жыл басынан бері жедел жәрдем операторларының көмегімен 8 ана үйде немесе жол үстінде босанғанын хабарлады.

павлодар Әйел босанды Көмек

Тақырыпқа жаңалықтар