Placeholder
Қазақстан жаңалықтары22 наурыз 2024, 8:00

Алматыда адам өліміне әкелген жол апаты болды

Алматыда Саин көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды. Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 21 наурыз күні сағат 20:00-де Әуезов ауданында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мерседес автокөлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта, Ұлықбек көшесінің қиылысында келе жатып, рульге ие бола алмай, соғылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды.

 

Алматы Жол апаты

Тақырыпқа жаңалықтар