Placeholder
Фото: вижеодан алынған кадр
Қазақстан жаңалықтары29 наурыз 2024, 8:00

Алматыда найзағай салдарынан жер үй өртенді

Алматыда найзағайдың әсерінен жер үй өртенді. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, аумағындағы үй-жайлар мен көршілес үйге өрттің таралуына жол бермеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Өртенген үйдің видеосы әлеуметтік желіге шықты. Онда «Ұлжан» шағынауданында сағат 18:20-да найзағай түсуі салдарынан жер үйің өртенгені жазылған.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 наурыз күні сағат 18:10-да өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама бойынша «Ұлжан-1» шағынауданы, Ақжайық көшесі, 17-үй мекенжайына жіберілді.

«Келген сәтте 120 шаршы метр аумақта жер үйдің шатыры өртенгені анықталды. Дереу өрт оқпандары енгізіліп, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылады. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 18:56-да оқшауланып, 19:06-да сөндірілді. Өртті сөндіруге 14 техника, жеке құрамның 61 адамы жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, өртенген үйдің аумағындағы үй-жайлар мен 2-3 метр қашықтықта салынған көршілес үйге оттың таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірушілер өрттің нақты неден шыққанын анықтап жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @kris_p_akimat

 

Алматы Найзағай үй Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар