Placeholder
Фото: Тobolinfo.kz
Қазақстан жаңалықтары27 наурыз 2024, 8:39

Ақтөбеде тағы бір ауылдың адамдары эвакуацияланды

Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылынан 74 адам эвакуацияланды. Ақтөбе облысы бойынша түнде жаңбыр жауып, су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында Жем өзені көтерілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

- Су деңгейі көтерілген соң қауіп туындады. Барлығы 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Оларды мұнай компаниясының вахталық қалашығына орналастырды. Медициналық көмек қажет болмады. Ауылда екі ауланы су басты, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ауылда барлығы 1 300-ден астам адам тұрады.

 

Ақтөбе облысы ауылдар эвакуация

Тақырыпқа жаңалықтар