Placeholder
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform
Қазақстан жаңалықтары29 наурыз 2024, 15:32

Ақтөбенің Әйтеке би ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Әйтеке би ауданында төтенше жағдай жарияланғанын аудан әкімі Даулетияр Тоғызбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазіргі кезде аудан орталығы Т.Жүргенов ауылы мен Талдысай ауылына су кіру қаупі төніп тұр. Себебі Ырғыз өзенінен Шербаков және Ярослав платинасына су көп келіп жатыр. Мамандар жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдар эвакуациялауға көмек береді. Хабарламаға бейжай қарамай, эвакуациялық бекетке келу сұралады», - деді аудан әкімі Даулетияр Тоғызбаев.

Бұған дейін облыстың төрт ауданы мен Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Бүгін өңірге бірінші вице-премьер Роман Скляр келіп, су тасқыны жағдайымен және жүргізіліп жатқан жұмыстарды үйлестіру барысымен танысты.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Төтенше жағдай

Тақырыпқа жаңалықтар