Placeholder
Фото: Атырау облысы жедел штабы
Қазақстан жаңалықтары26 сәуір 2024, 16:45

Атыраудың Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 7 метрден асты

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын көтеріліп келеді. Бүгін Махамбет ауданында 7 метр 28 сантиметрге жетті. «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының гидрологиялық мониторинг деректеріне сүйенсек, өзен деңгейі Батыс Қазақстан облысының аумағынан келетін су есебінен өзгереді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мәселен, бүгін, 26 сәуірде сағат 08:00-де Индербор кентіндегі гидробекетте Жайық өзеніндегі су деңгейі +9 сантиметрге көтеріліп, 613 см болған. Индер ауданында су тасқыны басталғалы бері өзен деңгейі 390 сантиметрге көтерілгені анықталған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал Махамбет ауылындағы бекетте су деңгейі 728 сантиметрге жетіп отыр. Мұнда су бір тәулікте +7 см көтерілген. Жалпы көтерілу деңгейі – 411 сантиметр.

Жайық өзенінің деңгейінің көтерілгені Атырау қаласындағы гидробекетте де байқалады. Бұл бекетте су айдыны +3 сантиметрге көтеріліп, 428 сантиметр болды. Шаһар аумағында су тасқыны басталған кезден бергі көтерілу көрсеткіші 237 сантиметрге жеткен.

Атырау облысы Махамбет ауданы Жайық жеті метр

Тақырыпқа жаңалықтар