Placeholder
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Қазақстан жаңалықтары19 сәуір 2024, 15:25

Бишімбаев ісінің судьясы қоқан-лоққыларға байланысты күзетке алынды

 

Бишімбаевтың ісін қарап жатқан судья Айжан Құлбаева келіп түскен қоқан-лоққыларға байланысты күзетке алынды Ресми мәлімет бойынша, Астана полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваны қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Судьяның телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен хабарламалар арқылы қоқан-лоққылар келіп түсті, Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі («Соттың қызметіне кедергі жасау мақсатында араласу») бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізілуде. Судьяға жеке қауіпсіздік шаралары қарастырылған», - делінген Жоғарғы Соттың баспасөз хабарламасында.

 

Бишімбаев ісі судья Айжан Құлбаева қоқан-лоққы Күзет

Тақырыпқа жаңалықтар