Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2024, 9:02

Елімізге әкелінетін әрбір екінші көлік – Қытайдан

Елімізге қытайлық жеңіл көліктердің импорты өсуде. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қытайдан 10,1 мың автокөлік әкелінді. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе дерлік көп, яғни 4,8 мың бірлікке өсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және рефрмалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жариялады деп жазады Data Hub.

Екі ай ішінде импортталған жеңіл автокөліктердің жалпы саны 20 мың бірлікті құрады. Елге шетелден жеткізілетін әрбір екінші көлік Қытайда шығарылады.

Үш ірі жеткізуші күш біріктіргеннен кейін де Қытаймен бәсекеге түсе алмады. Олардың үлесі 42% құрады:

* АҚШ – 19% (3,7 мың бірлік); * Жапония – 15% (3 мың бірлік);* Корея – 8% (1,6 мың бірлік).

Ақшалай есептегенде Қытайдан автокөлік импортының ұлғаюы сандық көрсеткіштегідей үлкен емес. Қаңтар-ақпан айларында 129,5 млн доллар жұмсалды, бұл 43%-ға, яғни 39 млн. долларға артық. Мұндай динамика онсыз да қымбат емес қытайлық көліктердің қолжетімділігінің артқанын көрсетуі мүмкін.

Қазақстан автомобиль Көлік Импорт

Тақырыпқа жаңалықтар