Placeholder
Фото: БҚО ТЖД
Қазақстан жаңалықтары18 сәуір 2024, 14:48

Көктемгі су тасқынынан 5 адам қаза тапты

Көктемгі су тасқынынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты. Аталған фактінің барлығы қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты. Мәселен, біреуі өз бетінше өзенді жүзіп өтпек болған. Ал енді бірі су тасқынынын кейін, яғни эвакуациядан соң қауіпті аймаққа оралуға тырысқан. Барлық факті бойынша тексеру басталып, тергеу жүргізіліп отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Үйлер мен басқа да нысандарды су басып, дәл соның салдарынан азаматтардың қаза болу фактілері тіркелген жоқ. Бүгін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде шыққан осы мәселеге қатысты жарияланымдар бойынша түсіндіріп өткім келеді. Жалпы, республика бойынша көктемгі су тасқыны барысында 5 өлім фактісі тіркелді. Атырау облысында — 4, Ақтөбе облысында — 1 факт. Олардың арасында кәмелетке толмаған балалар жоқ. Түркістан облысында мұндай факті мүлдем тіркелген жоқ. Бұл жерде Ақтөбе облысындағы жағдай меңзелген болатын. Онда кішкентай бала ойнап жүріп таяз суға құлап, көз жұмған. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысына түсіністікпен қарауға және оларға қол ұшын созуға шақырамыз», — деді Шыңғыс Алекешев.

 

«Ал 

Су тасқыны Қазақстан қаза тапқандар

Тақырыпқа жаңалықтар