Placeholder
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform
Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2024, 13:04

Орал: Шаған қоймасында су деңгейі 30 метрге жетті

БҚО «Қазсушар» РМК су қоймалары 81 пайызға толды. Қазір су көлемі – 410,2 млн текше метр. «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының басшысы Рауан Хұсайынов Шаған су қоймасының деңгейі 30 метрге жетіп, Жайық пен Шаған өзенінде су деңгейі теңескенін айтты. Шағанға да жоғары жақтан су келіп жатыр. Суды жазғы-күзгі мезгілге сақтап қалу үшін су тастағыш имарат тасқын мөлшері азайған кезде жабылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Орынбор және Саратов облыстарындағы су шаруашылығы қызметтерімен күн сайын ақпарат алмасып отырмыз. Орынбор облысында орналасқан Иреклі су қоймасынан Жайық өзеніне секундына 345 текше метр су жіберілуде. Жайықтан Жайық-Көшім жүйесіне секундына 123 текше метр су түсуде. Су қоймаларына су жиналуда. Көлтабандар мен табиғи шабындықтарға су беру басталды. Саратов облысындағы Приузен су қоймасынан Қараөзенге секундына 12 текше метр су тасталуда. Казталов пен Жаңақала аудандары арқылы өтетін Қараөзен мен Сарыөзенге 400 млн текше метрден астам тасқын су алынды. Филиалдың су қоймаларында жағдай қалыпты», деді Р.Хұсайынов.

орал Шаған қоймасы су дңгейі

Тақырыпқа жаңалықтар