Placeholder
Фото: Астана қаласының агроөнеркәсіп кешеніндегі аумақтық инспекциясы
Қазақстан жаңалықтары19 сәуір 2024, 19:20

Қазақстанға Ресейден қауіпті вирусы бар тұқым кіріп кеткен

Фитосанитариялық қызмет Ресейден әкелінген қызанақ тұқымынан қауіпті вирус тапты. Аталған факті бойынша өнім иесіне Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 400-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы негізінде әкімшілік іс қозғалып, 103 376 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Астана темір жол» фитосанитариялық бақылау бекеттері өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен бірлесіп Ресей Федерациясының аумағынан әкелінген 2700 бума қызанақ тұқымының қауіпті вируспен залалданғанын анықтады. Өнімді елорда аумағына енгізуге тыйым салынып, «НТП Kazecotech» компаниясының мамандандырылған пешінде өртелді.

Қызанақтың қоңыр қатпарлы вирусы (тобамовирус, ToBRFV) тұқымдарда сақталады және байланыс арқылы оңай таралады. Бұл вирустың адам денсаулығына зияны жоқ. Алайда Solanaceae тұқымдас барлық дақылдарды зақымдайтын қауіпті патоген. Вирус жаппай таралған жағдайда алқаптағы өнім 80%-ға дейін жойылуы мүмкін. Кенияда өсірілген батыс гүл трипсі карантиндік объектісімен залалданған 1320 дана раушан, хризантема және гипсофила гүл кескіндері де өртеу әдісімен жойылды. Кодекстің 400-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы негізінде әкімшілік істер қозғалып, өнім иесіне 251 056 теңге айыппұл салынды», - дейді Астана қаласының агроөнеркәсіп кешеніндегі аумақтық инспекция басшысы Сымбат Қалиасқаров.

 

Мамандардың айтуынша, аталған зиянкес 250-ден астам өсімдік түрін зақымдайды. Оның ішінде жеміс-жидек, көкөніс пен гүлдер бар. Зиянкес өсімдіктік жасуша шырындарымен қоректенеді, жаппай таралған кезде өсімдікті солдырып тынады. Бұл зиянкес те қызанақтың қауіпті вирустарын да тасымалдаушы болып есептеледі.

 

Фитосанитариялық қызмет Ресей қауіпті вирус тұқым

Тақырыпқа жаңалықтар