Placeholder
Фото: Кazinform
Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2024, 13:11

Қуандық Бишімбаевтың баланы қағып кету дерегі расталмады

Қуандық Бишімбаевтың көлікпен баланы қағып кеткені туралы дерек нақтыланбады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Ақпарат расталған жоқ. Біз өмірі қиылған әйелдің туыстарымен (Салтанат Нүкенованың), сондай-ақ оның ағасымен сөйлестік. Ақпараттың қайдан болғанын тексердік. Бірақ онда басқа жағдай туралы айтылған, яғни дерек расталған жоқ. Атап айтқанда, біз әлі де тексереміз», - деді И. Лепеха Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін қайтыс болған С. Нүкенованың анасы күдікті Қуандық Бишімбаев ертеректе баланы қағып кетіп, жауапкершіліктен жалтарғанын мәлімдеген еді.

Бишімбаев ісі Жол апаты расталмады дерек

Тақырыпқа жаңалықтар