Placeholder
Фото: ҚР Ҳукумати
Қазақстан жаңалықтары27 наурыз 2024, 14:17

Құрылыс кодексінің жобасына қатысты айтылған сынға жауап

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа құрылыс кодексінің жобасына қатысты депутаттардың айтқан сынына жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Кодекс бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған деп есептеймін. Сапасыз құрылыс және осы саладағы басқа да кемшіліктерді жақсы білесіздер. Сондықтан құрылысқа мемлекеттік бақылауды күшейтетін құжат жобасын әзірледік», - деді Қ. Шарлапаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, кодекс жобасы сапасыз құрылысқа көңілі толмайтын қазақстандықтардың құқығын қорғап, құрылыс компанияларының жұмыс істеу жағдайына біршама бақылауды күшейтетіндей етіп жазылғанын атап өтті.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексінің жобасын таныстыруға арналған жиында депутат Бақытжан Базарбек аталған құжаттағы нормаларды сынға алды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Құрылыс кодексі Сын

Тақырыпқа жаңалықтар