Placeholder
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті
Қазақстан жаңалықтары16 сәуір 2024, 11:00

Қызғалдақ жұлған бойжеткен жауапқа тартылды

22 жастағы қыз өзі жұлған қызғалдақпен суретке түсіп, оны желіге жүктеген. Полиция қызметкерлері «грейг» қызғалдақтарын жұлған ордабасылық тұрғынды әлеуметтік желілер арқылы анықтады. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, желідегі парақшасына жариялаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған жағдай сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша полиция бөлімінде тіркелді.

«Барлық жағдай анықталып жатыр. Түркістан облысының полициясы «Грейг» қызғалдақтарын тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтарға қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Түркістан облысы қызғалдақ жауапқа тартылу бойжеткен

Тақырыпқа жаңалықтар