Placeholder
Фото: ҚР ФВВ
Қазақстан жаңалықтары18 сәуір 2024, 7:27

Су тасқыны: құтқарылған адам саны 117 617-ге жетті

Төтенше жағдай министрлігінің сағат 00:00-дегі ақпаратына сай, елімізде су тасқыны кезінде құтқарылған адам саны 117 617-ге жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

"Азаматтық қорғау" қызметтері 117 617 адамды, оның ішінде 43 887 баланы құтқарды.

113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 18 651 адам үйлеріне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам, оның ішінде 3 143 бала бар" делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін 10 млн текше метр еріген қар суы сорылды, 3,1 млн-нан астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді.

4 134 тұрғын үй мен 2698 аула аумағынан су бұрылды.

Зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Тасқын құтқарылғандар Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар