Placeholder
Фото: Kazinform
Қазақстан жаңалықтары29 наурыз 2024, 11:33

Таразда 18 жыл мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Тараз қаласында 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат қолға түсті. Жамбыл облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған. Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі таңда оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Тараз мемлекетаралық іздеу ұсталды Қылмыскер

Тақырыпқа жаңалықтар