Placeholder
Фото: "Қазақ күресі" федерациясы
Қазақстан жаңалықтары22 наурыз 2024, 9:00

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы билеті сатылды

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының алғашқы билеті сатылды. Оны Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған сатып алды. Біләл Ердоған көшпенділер ойынынында қазақ күресінен өтетін жарыстың тамашаламақ. Бүл күндері төл күресіміз – қазақ күресі халықаралық аренада қарқынды дамып келеді. Дүниежүзілік Этноспорт конфедерациясы қазақ күресінің халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қосылып, оның ілгерілеп дамуына үлкен қызығушылық танытып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Аталған спорттық іс-шара 12 қыркүйек күні, сағат 16.00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Айта кетсек, 21 наурыз күні EXPO Халықаралық көрме орталығындағы 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылған болатын.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары билет

Тақырыпқа жаңалықтар