Placeholder
Фото: Kazinform
Қазақстан жаңалықтары16 сәуір 2024, 14:57

Жайық жағасындағы Аспаның 86 тұрғыны көшіріледі

Аспа елдімекеніндегі 86 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшіріледі. Себеп – елді мекен Жайық өзеніне өте таяу орналасқан. 229 шақырым бөгет салу жоспарланған. Қазір бөгеттің 139,2 шақырым салынған. Қайыршақты ауыл округінің аумағындағы Аспа елдімекенінде 16 тұрғын үй бар. Бұл ауылда 86 адам тұрады. Елді мекен Жайық жағалауына жақын оорналасқандықтан, үйлердің салығы шайылып барады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау қаласы мен оған таяу орналасқан елді мекендерде бөгет салуға 950 техника тартылған. Облыс әкімімен кездескен Талқайраң, Ақжар, Бесікті, Геолог, Көктем елді мекендерінде бөгет салу жұмысына атқарылып жатыр. Облыс әкімімен кездескен жергілікті тұрғындар, еріктілер техникамен, қажетті құрал-жабдықтармен қамту туралы ұсынысын білдірді.

«Бұл ауылдың тұрғындарын көшіруге шешім қабылданды. Жауапты мамандар қажетті іс-шараны қолға алады. Бөгет тұрғызушылардың ұсынысы жедел орындалуы қажет. Өйткені елдімекендерге Жайық өзенінен төнетін тасқын судан биік бөгет қана қорғайды», - дейді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

 

Тасқын Аспа эвакуация Атырау облысы

Тақырыпқа жаңалықтар