Placeholder
Фото: ulysmedia.kz
Қазақстан жаңалықтары5 наурыз 2024, 10:23

«Жер борпылдақ деп ойладым». Желі қолданушысы жер сілкінгендегі әсерін айтты

Facebook қолданушысы Бақытжан Бұқарбай өзінің парақшасында жер сілкінген кездегі әсерін бөлісті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Кеңсайда жүргем. Басында жер борпылдақ шығар деп ойладым, сосын қатты ойнады. Шайқалған құлпытастардың арасында қалдым. Әсіресе Нұртілеу Иманғалиұлының құлпытасы қатты шайқалды», деп жазды Бақытжан Бұқарбай өзінің facebook парақшасында.

Айта кетейік, кеше Алматы қаласының тұрғындары қатты жер сілкінісін сезді. Зілзала ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісі МSК-64 шкаласы бойынша 5 балл сезілген.

Желі қолданушысы Бақытжан Бұқарбай кеңсай Жер сілкінісі

Тақырыпқа жаңалықтар