Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Дауылдан 16 адам қаза тапты

AstanaTV
28.01.2023ж. 22:39
1271
Дауылдан 16 адам қаза тапты

Мадагаскарда тропикалық «Ченесо» дауылы соқты. Салдарынан 16 адам қаза тапты. Онан бөлек 17 адам жоғалып кеткен. Аралда бір аптадан бері нөсер. Желдің жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жетті. 60 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілген. Мыңдаған баспана зақымданды. Әдетте, аралда циклондар маусымы қазан айынан наурызға дейін жалғасады. Жыл сайын осы аралықта өңірге ондаған дүлей дауыл соққы береді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық телеарнасы.