Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордадағы №61 мектеп-лицейде академик Қаныш Сәтбаевтың мұражайы ашылды

26.05.2023ж. 20:00
1303
Елордадағы №61 мектеп-лицейде академик Қаныш Сәтбаевтың мұражайы ашылды

Елордадағы №61 мектеп-лицейінде академик Қаныш Сәтбаевқа арналған мұражай ашылды. Шара аясында академик пен шәкірті, Қазақтың тұңғыш антропологі Оразақ Смағұловтың сөздері жазылған гранитті тақталардың да тұсауы кесілді. Сонымен қатар мектеп ішіне көрме ұйымдастырылды. Онда Алматы қаласындағы «Ғылым Ордасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Көшпелі мұражайының» экспонаттары қойылды. Келушілер академиктің еңбектерімен танысты. Шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпаққа ұлы тұлғалардың дара жолдарын насихаттау.

Алтынбек НУХҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОР ҚАМҚОРШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі мектептегі болашақ ұрпақ өсіп жатыр. Әрбір ұрпақтың, шәкірттің өтіп жатқан кездегі сол сөздерді оқып отырса, бойына «қазақты сүйем» деген, «жерімді сүйем» деген, «елімді сүйем» деген азаматтардың өсіп шығатындығына, жаңа бір ұрпақтың келетіндігіне, елін сүйетін нағыз шынайы патриоттардың өмірде көбейетіндігіне осы сөздердің әсері болады деп ойлаймын.

Ернұр ОМАРХАНОВ, Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ №61 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы мемориалдық мұражайдан көшпелі экспонаттар әкелінді. Оны өздеріңіз көріп отырсыздар, міне, осы жерде 40 портрет тұр. Бұның барлығы да сол балаларға, мынау мұғалімдерге көру үшін әкелінген көрмелер. Біз бұл кісілермен де тығыз қарым-қатынастамыз, меморандумға отырғанбыз, қарым-қатынасымыз тығыз.