Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Египет Қазақстанға өзара визасыз режим енгізуді ұсынды

AstanaTV
26.05.2023ж. 21:14
1057
Египет Қазақстанға өзара визасыз режим енгізуді ұсынды

Қазақстанның Мәдениет министрі қызығушылық танытып, осы мәселені пысықтауға уәде берді.

«Египет Қазақстанмен өзара 14 күндік визасыз режимді енгізуге мүдделі. Біз бұл мәселені пысықтайтын боламыз. Қазақстанда Египеттен келген қонақтарға, оның ішінде еліміздің туристік секторынан инвестициялық жобаларды ұсынатын ауқымды дүниелер жеткілікті», - деп атап өтті Мәдениет министрлігінің басшысы.

Египет қазақстандықтар арасында ең танымал үшінші туристік бағыт болып табылады.

Қазақстаннан келген туристік топтар үшін Египетте 14 күндік визасыз режим қолданылады. Дегенмен, ол демалыс орындарының көпшілігі орналасқан Синай түбегін ғана қамтиды.