25 наурызда "Жер сағаты" акциясы өтеді

16 Наурыз 2023, 15:39
1176
Бөлісу:
25 наурызда "Жер сағаты" акциясы өтеді
Фото: Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Биыл 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша "Жер сағаты" дүниежүзілік акциясы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің мәліметінше, жыл сайын әлемнің 180-нен астам мемлекеті осы акцияға қатысады. Биыл Қазақстан дүниежүзілік акцияға 14-рет қатысатын болады.

Ең көлемді экологиялық акция 2007 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпірінде қолға алынып келеді. Оған Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры бастамашылық жасады (WWF). 

Бұл әр түрлі елдерден миллиондаған адамдар жарық пен электр құрылғыларын 1 сағатқа өшіретін уақыт, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтандыруды сөндіреді.

Барлықтарыңызды акцияға бірге қатысуға шақырамыз!

Өзгелердің жаңалығы