6,5 млн-нан астам қазақстандық сайлауда дауыс берді

19 Наурыз 2023, 20:24
1393
Бөлісу:
6,5 млн-нан астам қазақстандық сайлауда дауыс берді
Фото: qazaqstan.tv

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі төмендегі көрсеткішті құрады, - деп атап өтті ОСК хатшысы.

Оның ішінде:

Абай облысы бойынша –57,02%

Ақмола облысы бойынша –60,01%

Ақтөбе облысы бойынша –57,45%

Алматы облысы бойынша –60,03%

Атырау облысы бойынша –50,22%

Батыс Қазақстан облысы бойынша –59,01%

Жамбыл облысы бойынша –65,21%

Жетісу облысы бойынша –55,32%

Қарағанды облысы бойынша –59,48%

Қостанай облысы бойынша –65,10%

Қызылорда облысы бойынша –66,46%

Маңғыстау облысы бойынша –54,08%

Павлодар облысы бойынша –58,68%

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –65,25%

Түркістан облысы бойынша –53,01%

Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

Шығыс Қазақстан облысы бойынша –64,15%

Астана қаласы бойынша –42,91%

Алматы қаласы бойынша –25,82%

Шымкент қаласы бойынша –45,46%. 

Ел бойынша нақтыланған деректерге сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 035 004 сайлаушы енгізілді. Жалпы, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 млн 509 мың 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызын құрайды. Бүгінгі күнге сайлаушылардың келуі туралы қорытынды ақпарат өзге уақыт белдеуі бар 5 өңірде дауыс беру аяқталғаннан кейін және олардан жедел деректер алғаннан кейін берілетін болады, - деп нақтылады Мұхтар Ерман.  

Өзгелердің жаңалығы