Адай жылқысына мәртебе қашан беріледі?

2 Маусым 2023, 13:29
717
Бөлісу:
Адай жылқысына мәртебе қашан беріледі?
Фото: автордан

Адай жылқысына статус беру туралы жұмыстар қалай жүргізіліп жатыр? Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адай жылқысына мәртебе беру маңғыстаулықтар ғана үшін емес, сонымен бірге қазақстандықтар үшін маңызды сұрақ деп ойлаймыз. Былтыр ұлы дала жорығы болған мыңнан астам шақырым жарыс ұйымдастырылғанда, «Адай жылқысы» өзінің төзімділігі мен ұзақ шабыстарға бейімділігін көрсетті. Ол бөлек тип ретінде бөліп алып шығуға болатынын дәлелдеп шықты, - деді әкім.

Ноғаев адай жылқысы бұған дейін де Ресейде, Францияда және басқа да халықаралық жарыстарда ұзақ шабатын, ерекше мінезі бар жылқы екенін дәлелдегенін айтты.

Сөзінше, Президент осы мәселеге қатысты Үкіметке тапсырма берген.

Қазір Ауылшаруашылығы министрлігі осы мәселемен айналысып жатыр. Бұл мәселенің өз рәсімі бар. Мұны атбегілікпен айналысатындар да, маңғыстаулықтар да күтіп жүр. Себебі бұл - елдің абыройы, қазақтың абыройы. Бұл мәселе уақыты келгенде шешіледі, - деп айтты Нұрлан Ноғаев ОКҚ-да.

Өзгелердің жаңалығы