Алакөлдік балықшылар әулеті дауыс берді

19 Наурыз 2023, 20:15
642
Бөлісу:
Алакөлдік балықшылар әулеті дауыс берді
Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округінің тұрғындары Ариновтартар - балықшылар әулеті. Отағасы Мұхамедияр мен отанасы  Қайынжамал Ариновтар бастап, балалары мен немерелері түгелдей балық шаруашылығымен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балықшылар әулеті сайлауда өз учаскілеріне барып, азаматтық ұстанымдарын білдірді

Отбасы мүшелері осыған дейін 6 рет сайлауға қатысып, өз белсенділіктерін танытқан. Осы жолы да сол үрдістерін үлгі етті. 

Президент Жолдауындағы саяси реформаларды қолдап, елімізде әділетті қоғам орнату үшін қабылданған шараларға ыстық ықыласын білдірді.

 Дауыс беру - әр адамның азаматтық борышы. Біз отбасымызбен сайлау учаскесіне барып, ел болашағы үшін дауыс бердік. Біз үшін сайлау – тұрақты дамудың кепілі. Сондықтан өз дауысымызды лайықты кандидаттар мен партияларға бердік, - дейді Ариновтар әулетінің мүшелері. 

Өзгелердің жаңалығы