Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытайға барды

4 Қараша 2023, 08:19
1120
Бөлісу:
Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытайға барды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сондай-ақ Премьер-Министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады.

Өзгелердің жаңалығы