Алматы облысында 25 градус аяз болады

26 Қаңтар 2023, 09:09
1172
Бөлісу:
Алматы облысында 25 градус аяз болады

Қазгидромет еліміз аймақтарындағы 2023 жылғы 26 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлері жоғары атмосфералық қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Басқа аймақтар атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді, батыста және оңтүстікте – тұман түседі.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында 25 градус қатты аяз  болжанып отыр.

Өзгелердің жаңалығы