Дауыс беру. Алматы қаласы белсенділігі төмен өңірлердің бірі

19 Наурыз 2023, 21:11
1184
Бөлісу:
Дауыс беру. Алматы қаласы белсенділігі төмен өңірлердің бірі
Фото: автордан

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше Алматы тұрғындары өзге өңірлермен салыстырғанда белсенділік танытпады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында Тәуелсіз бақылаушылар орталығының жетекшісі, Алматыдағы партиялық емес байқаулар орталығының өкілі Александр Братенков пен Бақылаушылар мектебінің тренері Қайыржан Әбдіхалықов хабарлады. 

13 сағатта дауыс беру процесі аяқталды. Бұл үдеріске сайлаушылар ғана емес, сенімді өкілдер, байқаушылар, журналистер өз үлесін қосты. Басқа өңірлермен салыстырғанда дауыс беру көрсеткші төмен болды. Дегенмен, үлкен мегаполис үшін қалыпты жағдай деп саналады. Байқаушылар барлық учаскелні қамтыды. Алматы қаласы бойынша бірмандатты округтер бойынша бақылаушыларды қатар оқыту керек. Жалпы, заң бұзу болмады. Бұл дегеніміз сайлаудың кемелденген көрсеткіші деп санаймын. Байқаушылар мектебінде 1723 адамды дайындадық. Барлығы құқық шеңберінде 2 апта аралығында оқытылды. Алматы қаласында сайлау процессі заң жүзінде өтті. Байқаушылар мектебін болашақта да көбейтеміз деп ойлап отырмыз. Осылайша қоғам үшін де пайдалы болады деген үміттеміз. Сайлауға қатысып, дауыс берген азаматтарымызға алғысымызды білдіреміз. Сайлау әділ әрі ашық өткізлді. Шетелдік бақылаушыларда өздерінің жағымды пікірін білдірді, - дейді Бақылаушылар мектебінің тренері – Бақылаушылар мектебінің тренері Қайыржан Әбдіхалықов.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттығына 82 кандидат тіркелсе, мәслихат депутаттығы үшін 144 үміткер саяси додаға қатысқан.

Бүгінгі сайлау белсенді өтті. Қала тұрғындары өзінің азаматтық парызын орындады. Тәуелсіз бақылаушылардың ұсынған ақпараттары бойынша дөрекі заң бұзу болмады. Алматы қаласында сайлау өте әдел өтті. Бүгін қаламыздағы барлық сайлау учаскесін аралап шықтық. Алматы қаласының сайлау өткізу барысының сауаттылығын байқадық. Мен сайлау белсенділігінің жеткіліксіз болуын кемшілік деп санаймын. Нақты себебін атап көрсету қиын, бірақ бұл дәліз 25-35%. Алматылықтардың неліктен белсенді емес екенін түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет,- деді Тәуелсіз бақылаушылар орталығының жетекшісі, Алматыдағы партиялық емес байқаулар орталығының өкілі – Александр Братенков.

Естеріңізге сала кетейік, Қаладағы 602 сайлау учаскесінен қала тұрғындары дауыс берді.  Сайлау барысында 1,2 млн алматылық дауыс беру құқығын пайдалана алды. 

Өзгелердің жаңалығы