Жүлде қоры 1 млн теңге. Алматыда жас ақындар мүшәйрасы өтті

4 Маусым 2023, 14:34
961
Бөлісу:
Жүлде қоры 1 млн теңге.  Алматыда жас ақындар мүшәйрасы өтті
Фото: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы

Алматыда ҚР рәміздер күніне орай «Рәміздер -елдігімнің айғағы» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш іс-шараны «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» ҚМБ, «Қазақстан адам ресурстары» ЖМ ұйымдастырды.

Аталған мүшәйраға еліміздің әр өңірінен 16-35 жас аралығындағы 100-ден астам жас ақындар қатысып, бақтарын сынады.

Жастар арасында ұлттық мәдениет пен өнерді дамыту мақсатында жас ақындар мүшәйрасын өткіздік. Бізге 100-ден астам жас ақындардың 200-ге жуық өлеңдері келіп түсті. Ереже бойынша еркін тақырыпты, рәміздер күніне орай екі өлең жіберді. Жазушылар одағының мүшелері үздіктерді анықтап, жүлдегерлерді таңдап алды. Сайыс қортындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сылықтар табыс етілді. Осындай іс-шаралардың арқасында өнер білімге қызғушылық танытатындардың қатары көбейсе дейміз. Мемлекеттік рәміздерге жас ұрпақтың танымын тереңдетіп, патриоттық сезімін жетілдіру үшін, жастардың шығармашылығына қолдау білдіруді жөн көрдік,- дейді Қазақстан адам Ресурстары жеке мекемесі, жоба жетекшісі Әбдіхалық Есен.

Жарыс қорытындысы бойынша Қайдар Рауан бас жүлдені иеленсе, Ысқақ Ұлан I орынды, Айтбай Мөлдір мен Шеризатов Арман ІІ орынға ие болса, Ахан Сабыржан, Біржан Ақмер, Тұрсынбаева Бақыткүл III орынды қанжығалады. Сайыстың жалпы жүлде қоры 1 млн 100 000 теңге.

Өзгелердің жаңалығы