Асхат Аймағамбетов Мәжіліс комитетін басқарады

29 Наурыз 2023, 13:30
792
Бөлісу:
Асхат Аймағамбетов Мәжіліс комитетін басқарады
Фото: скриншот

Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліс комитетінің төрағасы лауазымын атқарады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаев Мәжілістің 7 тұрақты комитетінің төрағалары лауазымына кандидаттарды ұсынды.

Кандидаттар тізімі:

Әлеуметтік мәдени даму комитетінің төрағасы – Асхат Қанатұлы Аймағамбетов;

Заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің төрағасы – Снежанна Имашева;

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы – Мәди Төкешұлы Тәкиев;

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Айгүл Сайфоллақызы Құспан;

Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы – Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин;

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы – Нұртай Салихұлы Сабильянов;

Аграрлық мәселелер бойынша комитет төрағасы - Серік Егізбаев.

Депутаттар әр ұсынысты жеке-жеке дауысқа салып, қаулы қолдап, тиісті шешімді шығарды.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы лауазымына бір ғана кандидат Ерлан Жақанұлы Қошанов ұсынылды. Бірауыздан бекітілген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарды халықтың сенімін абыроймен бірге атқаруға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы