Астана қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

27 Мамыр 2023, 12:40
954
Бөлісу:
Астана қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы 27-28 мамыр күндері аралығында өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Астана қаласындағы Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде мемлекеттік қызметшілер күніне арналған спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылып жатқан cпартакиаданы өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналған. Биыл 13-мәрте өткізіліп жатыр. Бұл — спорт. Спортта барлығы жеңе бермейтіні анық. Бастысы, саламатты өмір салтын насихаттап, мемлекеттік қызметшілердің бірлігін арттыру. Алдағы күндері үздіктер анықталып, республикалық спартакиадада Астана қаласының намысын қорғайтын болады. Сіздердің жеңіске жеткендеріңіз біз үшін үлкен мақтаныш. Баршаңызға сәттілік тілеймін! Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиаданы ашық деп жариялаймын! - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әли Көмекбаев.

Турнирде 23 команда және 300-ден астам мемлекеттік қызметші шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, жүзу, үстел теннисі, бильярд, қазақ күресі сынды спорт түрлері бойынша бақ сынап жатыр.

Спартакиадаға қатысып жатқан құрамалар:

1. Астана қаласының Әділет департаменті

2. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті

3. Астана қаласының Қазынашылық департаменті

4. Қаржы министрлігі Кірістер комитеті Орталық кеден зертханасы

5. Астана қаласы бойынша Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы

6. Қаржы министрлігі Кірістер комитеті Оқу әдістемелік орталығы

7. Астана қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті

8. Астана қаласының Қаржы басқармасы

9. Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

10. Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы

11. Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті

12. Бас прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

13. Астана қаласының қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы

14. Қаржы министрлігі Кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы

15. Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты

16. Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаменті

17. Астана қаласының Статистика департаменті

18. Алматы ауданы әкімінің аппараты

19. Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

20. Астана қаласы әкімінің аппараты

21. Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты

22. Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы

23. Қаржы министрлігі Кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Спартакиада қорытындысы бойынша Астана қаласының үздіктері жасақталып, 20-25 маусым күндері аралығында Талдықорған қаласында өтетін республикалық спартакиадаға қатысады.

Өзгелердің жаңалығы