Басқаларды төрге шығара беріп, төбемізге шығып кетті – Жандарбек Мәлібекұлы

4 Маусым 2023, 15:44
829
Бөлісу:
Басқаларды төрге шығара беріп, төбемізге шығып кетті – Жандарбек Мәлібекұлы
Фото: скрин

Бұл туралы Елтаңба авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы «Ұлттық идеология және ...» жобасында BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Алдымен сәулетші киіз үйге тоқталды. Ол киіз үйге қазақ пайда болғанда пайда болған архитектуралық жағынан іргелі, жылжымалы үйдің тұлғасы деп анықтама беріп, барлық әлеуметтік жағдайларымыздың киіз үй арқылы шешіліп отырғанын түсіндірді.

Сондай-ақ киіз үйдің ішінде сыйластық, құрмет мектебін қалыптастырған төр болғанын, оның қазіргі кезде де өзекті екенін жеткізді.

Төр жүйесін қалыптастыру керек. Қазақтың дастарханы төр алдында болуы керек. Біз қазақ дастарханы деп кез келген орынды көрсетеміз ғой. Ол қазақтың дастарханына жатпайды деп ойлаймын, - деді ол.

Бірақ Мәлібекұлы қазақ халқының басқаларды төрге шығарамын деп төбесіне шығарып алғанын да айтты.

Біз ерте кезден, ортағасырлық кезеңнен деп айтсақ болады басқаларды құрметтеп төрге шығара беріп, біздің төбемізге шығып кетті. «Мына шаңырақ кімдікі?» деп айтып отыру керек, - деп ескертті.

Сұхбаттың толық нұсқасын BAQ.KZ ютуб арнасынан көре аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы