Бір жарым жасар бала көлікте қамалып қалған

29 Наурыз 2023, 14:36
777
Бөлісу:
Бір жарым жасар бала көлікте қамалып қалған
Фото: ТЖМ

Өскеменде Буров көшесінде абайсызда автокөлік салонының есігі жабылып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автокөліктің ішінде қалған баланың ата-анасы тез әрекет етіп үлгермегендіктен, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларын көмекке шақырған. 

Әкесі ТЖ қызметкерлері келгенге дейін көліктің есігін ашуға тырысып көрген. 

ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының келген қызметкерлері құралдардың көмегімен есіктің орталық құлпына жетіп, көлік құралын ашты. ТЖ қызметінің мамандары атап өткендей, бір жарым жастағы бала құтқару операциясын жүргізу кезінде өзін тыныш ұстап, үрейге бой алдырмаған, - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады. 

Өзгелердің жаңалығы