Бізге қайталама санкция салыну қаупі жоқ – министр

29 Қыркүйек 2022, 12:19
868
Бөлісу:
Бізге қайталама санкция салыну қаупі жоқ – министр

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінгі таңда Қазақстанға Батыс тарапынан қайталама санкция салу қаупі төніп тұрған жоқ. Бізде механизм алға қойылған. Құқықтық тұрғыда санкцияға қатысты үнемі жұмыс істейміз, АҚШ, ЕО-тың сәйкес органдарымен кеңесеміз. Сондықтан ешқандай қосымша санкция салыну қаупі жоқ, - деп атап өтті Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілердің сауалына жауап берген Серік Жұманғарин.

Вице-премьердің айтуынша, санкция қолдану бойынша ешкім де асығыс шешім қабылдамайды.

Ол жерде де бізбен терең  өзара байланысты түсінетін іскер адамдар тұрып, өмір сүреді. Көптеген позициялар бойынша ауыспалы кезеңдер де жоқ емес. Сондықтан ешкім бірден шалт қимыл жасамайды. Біз халықаралық құқық қағидаттарын ұстанатын мемлекет ретінде өз позициямызды ұсынамыз, - деді Серік Жұманғарин.   

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Ресей шекарасынан өте алмай қалған отандастарымыз үшін «жасыл дәліз» құрылатыны туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы