Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

30 Қазан 2022, 08:21
1191
Бөлісу:
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Жексенбі күні 3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін. BAQ.KZ бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

30 қазанда Алматы, Астана және Ақтау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы