Бұл жағдай бізді алаңдатып отыр. Смайылов машина жасау саласына кешенді шаралар қажет екенін айтты

22 Қыркүйек 2022, 11:16
827
Бөлісу:
Бұл жағдай бізді алаңдатып отыр. Смайылов машина жасау саласына кешенді шаралар қажет екенін айтты

Премьер-министр Әлихан Смайылов машина жасау саласындағы экспортты арттыру керек екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізде машина жасау өнімдерінің импорты 17 миллиард доллар жетіп отыр, ал экспортымыз  2 миллиард доллар ғана. Біздің экспорт импорттан бірнеше есе асып түсуі үшін  бұл жағдайды өзгертуміз керек деп ойлаймын. Әрине, қазіргі таңдағы жағдай бізді алаңдатып отыр. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін жүйелі және кешенді шаралар қажет. Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының бағдарламалық құжатын қабылдайтын кез келді деп ойлаймын. Себебі дамудың жүйелі ұзақ мерзімді тәсілі болмаса бұл салада елеулі нәтижелерге қол жеткізу қиын болады, - Әлихан Смайылов.

Бұған дейін Үкімет басшысы машина жасау саласы ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді деген еді.

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан машина жасаушыларының 10-шы форумы өтіп жатыр. Форумда 12 секциялық отырыс өтеді. Онда ауыл шаруашылығы мен теміржол және электротехникалық машина мен автомобиль жасау салалары талқыланады.

Өзгелердің жаңалығы