Діндер съезі: Әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация келеді

19 Тамыз 2022, 17:41
2174
Бөлісу:
Діндер съезі: Әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация келеді

Бүгіннен бастап ел астанасында 13-15 қыркүйек аралығында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қазақстандық БАҚ-тың қатысуы үшін аккредиттеу ашық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауқымды шара Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан өтеді.

VII съездің негізгі тақырыбы: «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзат өркениетінің әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі».

VII съезге әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация қатысады деп күтілуде, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм секілді әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көсбасшылары, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының өкілдері бар.

Алдағы діни форумның ерекшелігі Рим Папасы Францисктің, Аль-Азхардың жоғарғы имамы Шейх Ахмед ат-Тайебтің және басқа да түрлі конфессиялардың рухани жетекшілерінің сапары болмақ.

Қатысушылардың нақты құрамы мен іс-шараның бағдарламасы кейінірек хабарланады.

Сондай-ақ съезге дайындық туралы өзекті ақпаратты оның ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ала аласыз.

Өзгелердің жаңалығы