Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан жалпы есепте 4-орында

7 Тамыз 2022, 03:50
1054
Бөлісу:
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан жалпы есепте 4-орында

Нұр-Сұлтан қаласында дзюдодан Азия біріншілігі аяқталды. Қазақстан құрамасының еншісінде 8 медаль бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрлықтық додада Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алды. Нәтижесінде олар жалпы командалық есепте 4-орынға тұрақтады.

Ұлттық құрама қатарында Данияр Шамшаев (73 келі) алтын алды. Ал Ислам Бозбаев (100 келі) пен Абиба Абужақынова (48 келі) күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ Нұрлыхан Шархан (100 келі), Дидар Хамза (90 келі), Аруна Жангелдина (78 келі), Мағжан Шәмшадин мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола медаль алды.

Жалпыкомандалық есепте Жапония 12 (9-3-0) медальмен бірінші орынға жайғасты. Одан кейінгі орындарға орналасқан Моңғолияда 7 (2-0-5) медаль, Өзбекстанда 9 (1-2-6) медаль бар.

Айта кетcек, құрлықтық дода қорытындысы бойынша барлығы 10 елден балуандар жүлдеге қол жеткізді. Олардың қатарына аталған құрамалардан өзге Оңтүстік Корея, Қытай, Тәжікстан, Тайвань, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірлігі спортшылары енді.

Аталған додада Азияның 19 елінен келген 200-ден астам балуан 14 салмақта бақ сынады. Олардың қатарында Қазақстан атынан 18 балуан сынға түсті.

Өзгелердің жаңалығы