Елімізде 2026 жылға қарай мектептерде 1,2 млн оқушыға орын тапшы болуы мүмкін

19 Наурыз 2023, 23:21
1046
Бөлісу:
Елімізде 2026 жылға қарай мектептерде 1,2 млн оқушыға орын тапшы болуы мүмкін
Фото: Артём Чурсинов

Қазіргі таңда елімізде 250 мыңнан астам оқушыға орын тапшы. 2026 жылға қарай тапшылық бір миллион асады деп күтілуде. Оқу-ағарту вице-министрі Ерлан Оспан ведомства бұл мәселені қалай шешетінін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде қалыптасқан мектеп салу тәсілі осы жылдардағы демографиялық өсіммен қордаланған оқушы орнының тапшылығын жоя алмады. Нақтырақ айтсақ, соңғы 10 жылдың ішінде оқушылар саны 1 миллионнан асып, қазіргі таңда 3,7 млн-ға жетті. Бала саны күннен күнге өсіп жатыр, ол қуанышты жағдай, әрине. Алайда, 2026 жылға арналған болжамға сәйкес, ол кезде 1,2 млн оқушыға орын тапшы болайын деп тұр. Мұны кешенді шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» жобасы әзірленді, - деді спикер онлайн марафонда.

Вице-министрдің түсіндіруінше, аталған жобаның мақсаты - үш аусымды мектептерді, апатты жағдайдағы білім ордаларын және оқушы орындарының тапшылығын кешенді түрде шешу.

Өзгелердің жаңалығы