Еліміздің 8 облысында әлі де жол қозғалысына шектеу қойылған

20 Ақпан 2024, 12:31
401
Бөлісу:
Еліміздің 8 облысында әлі де жол қозғалысына шектеу қойылған
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК

20 ақпан сағат 12:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 19 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

Абай облысы - жалпы ұзындығы 2087 км 6 автожол (ауа температурасының төмендеуі, -40 градусқа дейін аяз күшеюде) 

1. Облыс бойынша барлық бағыттар бойынша (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) (боран, жел, көрінудің шектелуі) 

Шығыс Қазақстан облысы – жалпы ұзындығы 1268км 7 автожол (ауа температурасының төмендеуі, -45 градусқа дейін аяз күшеюде) 

1. Облыс бойынша барлық бағыттар (қоғамдық көліктер және дизельдік көліктер) 

Жамбыл облысы - жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (ауа температурасының төмендеуі) 

1."Алматы - Ташкент-Термез" Кенена ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық түрі үшін)

Жетісу облысы - жалпы ұзындығы 58 км 1 автожол (Абай облысының ауа райының нашарлауына байланысты қар, боран, жел, көрінуі шектеулі) 

1. «Алматы-Өскемен» км. 557-615, уч. Үшарал қаласы – Абай обл.шекарасы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер ) 

Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 103 км 1 автожол (Абай облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты) 

1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарқаралы обл. шек. -Абай обл. шек. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) 

Қостанай облысы - жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты) 

1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы-Арқалық қ. Барлық көлік түрлері) Павлодар облысы-жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол (Абай облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты) 

1. «Омбы-Майқапшағай- Кенжекөл к.-Абай обл. шек.» (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін). 

Ұлытау облысы  -жалпы ұзындығы 115 км 1 автожол (боран, жел, ауа райының нашарлауы) 

1. «Жезқазған-Петропавл» - Қостанай облысы-Ұлытау ауылы. (барлық көлік түрі) Жезді-б.-Ұлытау ауылы. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін) 

Қазір Республикалық маңызы бар автожолдарда 694 бірлік техника және 1399 адам жұмылдырылды

Өзгелердің жаңалығы