Халық «жағдайымыз неге төмендеп барады» деп бізден сұрайды – Сайыров

7 Маусым 2023, 11:11
518
Бөлісу:
Халық «жағдайымыз неге төмендеп барады» деп бізден сұрайды – Сайыров
Фото: Арман Мухатов Архив

Депутат Ерлан Сайыров Мәжілістің жалпы отырысында бюджет қаражатын игеру жұмысын сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің сайлаушыларымыз «Үкіметтің шешімдері кабинетте жақсы болса, онда біздің өміріміз күннен-күнге төмендеп барады?» деп бізге сұрақ қояды. Сіздердің (депутат Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа – ред.) бюджетті игерудегі тәртіпсіздік - ол біздің халқымыздың әл-ауқатының, тұрмысының күннен-күнге төмендеуіне алып келетін негізгі факторлардың бірі, - деді Сайыров.

Депутат осы себептен бюджетті есептеген кезде министрлікте болжау механизмдері болу керегін айтты.

Неге осы күнге дейін сіздерде болжау механизмдері жоқ? Одан кейін сіздер бюджетті өзгертесіздер, қаржыны түсіресіздер, сосын ар жағындағы мердігерлер сол қаржыны игере алмай жатады. Ондай да проблема бар. Менің ойымша, бұл - Үкіметтегі жүйелі проблема. Мұны бізге бірлесіп шешу керек, - дейді Ерлан Сайыров Мәжілістің жалпы отырысында.

Өзгелердің жаңалығы