Иран баллистикалық зымыран ұшырды

27 Мамыр 2023, 04:41
1001
Бөлісу:
Иран баллистикалық зымыран ұшырды
Фото: trt.net.tr

«Хорамшехр-4» ғарыш техникасы сынақтан сәтті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Рейтер» агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша, Иран билігі Израиль тарапынан Тегеранға қарсы әрекеттер жасалуы мүмкін деген ақпаратқа жауап қатып отыр. Көрші ел Иранның ядролық бағдарламысын тағы да сынға алған еді. Ал Тегеран болса оның қаруы АҚШ пен Израильге жететінін көрсетті. Жергілікті мемлекеттік арналар бұл шараны тікелей эфирде көрсетті.

АҚШ пен Еуропаның қарсылығына қарамастан Иран өзінің зымырандарды жасау бағдарламасын одан әрі жалғастыратынын дәлелдеп отыр, - дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы